Алматыда жедел жәрдем қызметі жұмысын қалай атқаруда?

Алматыда жедел жәрдем қызметі жұмысын қалай атқаруда?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жедел жәрдем қызметі хәл үстінде жатқандарға шұғыл жету үшін кейбір науқастардың шақыруынан бас тартуда. Бұл өзгеріс биыл денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген болатын. Жаңа талап ақ халаттылардың жұмысын жеңілдете ме және жаңа реформа бізге қаншалықты қажет? Ол несімен тиімді? Осы сұрақтарға жауап алу үшін біз студияға алматыдағы Жедел жәрдем қызметі басшысының орынбасары Қажыбаев Артур Естенұлын шақырып отырмыз. Ол кісі біздің сауалдарға жауап беруге дайын.

- Артур мырза,  енді жедел медициналық көмек төрт санатқа бөлінеді. Бұл қандай санаттар түсіндіріп берсеңіз?

- Жаңа санат бойынша бізде шақыртулар бойынша 4 санатқа бөлінді. 1) Адам ағзасына өте аса қауіп төнген кездегі шақыртулар. Ол шақыртуларға біз 10 мин ішінде жетуіміз керек. Оларға: кома, шок, тыныс алу жүйесінің тоқтауы, жүрек тоқтау, көп салалы жарақаттар, электралық травмалар және басқа да адам ағзасына қауіп төнген кезінде келетін шақыртулар жатады. 2) өміріне қауіп төнген кезіндегі шақыртулар. 15 мин ішінде біз жетуіміз керек. Оларға жататындар: тыныс алу жүйелерінің нашарлауы, жүрек соғысының нашарлауы, жас өспірімдердің дене қызуының көтерілуі, отравлениялар т.б жатады. 3) денсаулығына қауіп төнген кезде шақыртулар. 30 мин ішінде жетуіміз керек. Дене қызуының көтерілуі, дәрі ішкен кезде дене қызуы түсетін науқастар. Оған жататындар: іш ауру, бас ауру, құсу, іш өту осылар жатады.

- Сіздер шұғыл шақыртуларға кеткенде, кезек күтіп отырған төртінші санаттағы науқастардың жағдайлары нашарлап кетпей ме?  

- 4 санаттағы аурулар дегеніміз созылмалы аурудың асқынуын жатқызамыз. 60 мин ішінде жетуіміз керек. 4 санаттағы ауруларға шұғыл көмек көрсету бөлімі емханада ашылған. Емханалар сол 4 санттағы шақыртылғандарға көмек көрсетеді. Шақыртқан кезде қабылдаған адам (диспетчер) 4 санатқа қойса ол қайталанып звондаса диспетчер немесе дәрігер білікті 4 санатын 1 санатқа өзгертіп дер кезінде жедел жәрдем көмек көорсетуі мүмкін.  

- Алматы қаласы бойынша жедел жәрдем қызметкерлеріне орта есеппен күніне қанша шақырту келіп түседі? Олардың барлығына барып үлгересіздер ме?  Медиктер мен қажетті көліктер жеткілікті ме?

- Иә, күніне 2500-3000 шақыту түседі. Үлгереміз, бірақта көп шақырту болғандықтан өзіне көмек керек уақыты кішкене ұзарады, сол себепті бұл өзгерістер болып жатыр.

- Жедел жәрдем сапасын жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар? Қандай жаңашылдықтарыңыз бар?

- Біз жақсарту үшін көп шақыртатын науқастардың жаңағы анализ жасап қай жерде көп шақыртулар болады, соған байланысты карта жасадық. Бұлай істегеніміз біздің бригадалар олар шақыртулар бойынша картада 177 көлік болса солар көшеде тәулік бойы тұрып уақытты 10 мин жақсарту үшін жасалды. Тағы да бізде әр көлікте ЖПС новигациясы бар. Апат болған кезде телефондар сынып қалуы мүмкін ғой, сол кезде роциялар қолданылады. Осыны еңгіздік. Сосын сапасын жақсарту үшін қазір әр қызметкер өзімен диктофон алып жүреді. Істеген қимылдарының бәрі диктофонға жазылады. Если, сұрақтар, шағымдар пайда болса любой уақытта көтеріп шеше аламыз. Дұрыс па, бұрыс па?  

- Әңгімеңізге рахмет! Ісіңізге сәттілік тілейміз.


Новости партнеров