Алматыда жемқор полицейлер қолға түсті. Ұлттық бюро қызметкерлері тәртіп сақшыларын 30 мың доллар көлемінде пара алып жатқан жерлерінен қолға түсірген. Парақор полицейлер жеке тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартпас үшін осынадай қомақты қаражат сұратыпты. Қамауға алынған полицейдің бірі - Оңтүстік Өңірлік Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі Григорьев, екінші күдікті - Тергеу департаментінің аға тергеушісі Нұрболатов. Ұсталған полицейдің екеуі де тергеу изоляторына қамалды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.