Алматыда «Жемқорлыққа қарсы» атты кездесу өтті

06.03.2018 08:25

Пара алмауды алдымен өскелең ұрпақтың санасына құю керек. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері «Жемқорлыққа қарсы» атты кездесу өткізді. Онда тақырып бойынша роликтер көрсетіліп, жастарға парақорлықтың алдын алудың маңызы түсіндірілді.

«Қазір бізде Елбасымыздың айтып жатқаны - алдын ала жұмыстарды күшейту керек. Себебі, алдын ала жұмыстар олар басқасына қарағанда, сыбайлас жемқорлықтың нәтижесіне қарағанда, алдына алудағы жұмыстар өте тиімділеу», - деді Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Айгүл БАЙХАНОВА.