Алматыда жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы қалыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы қалыпты. Олар, қазір қала ауруханаларында жатыр. Дәрігерлер оларға жедел түрде тиісті көмек көрсетіпті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нұржан Исабеков мәлімдеді. Оның атйуынша, қос жүргінші 4-ші және 7-ші қалалық клиникалық ауруханаларға жатқызылған. Екеуінің де милары шайқалып, бастарына зақым келген. Алайда, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Есте болса, кеше Алматыдағы Аймауытов көшесінде "Тойота" маркілі көлік - жолдың жиегінде кетіп бара жатқан екі адамды қағып кеткен еді. Анық болғаны - темір тұлпардың жылдамдықты асыратын басқышы істен шыққан екен. Жол апаты кезінде жүргізушінің жанында жүкті әйелі де болыпты. Абырой болғанда, оған зақым келмеген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00