Алматыда жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы қалыпты

20.01.2017 16:56
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы қалыпты. Олар, қазір  қала ауруханаларында жатыр. Дәрігерлер оларға жедел түрде тиісті көмек көрсетіпті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нұржан Исабеков мәлімдеді. Оның атйуынша, қос жүргінші 4-ші және 7-ші қалалық клиникалық ауруханаларға жатқызылған. Екеуінің де милары шайқалып, бастарына зақым келген. Алайда, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Есте болса, кеше Алматыдағы Аймауытов көшесінде "Тойота" маркілі көлік - жолдың жиегінде кетіп бара жатқан екі адамды қағып кеткен еді. Анық болғаны - темір тұлпардың жылдамдықты асыратын басқышы істен шыққан екен. Жол апаты кезінде жүргізушінің жанында жүкті әйелі де болыпты. Абырой болғанда, оған зақым келмеген.