Алматыда жол ережесі көп бұзылатын аумақтар анықталды

28.12.2016 17:21

Алматыда жол ережесі көп бұзылатын аумақтар анықталды. Мұндай дерек бейнебақылау камерлары көп және қоғамдық көлікке арналған жолақ орнатылған Абай даңғылында тіркеледі екен. Дәл осындай жағдай Төле би көшесінде болады. Атап өтерлігі, бұл көшеде автобустарға арналған жолақ қазан айында ашылған. Ең көп кездесетін айыппұл - жол белгілерін және таңбалау талаптарын орындамау. Мұндай ереже бұзу барлық айыппұлдардың 32 пайызын құраған. 3 жыл ішінде Алматы қаласында қойылған 100 бейнебақылау камерасы 28,6 миллиард теңге айыппұл жинапты.