Алматыда жолды кесіп өтпек болған әйелді жүйіткіген көлік қағып кетті

20.10.2017 в 21:53

Жолда жан тапсырды. Алматыда Солтүстік айналма көшесін кесіп өтпек болған әйелді жүйіткіген көлік қағып кетті. Қатты соққыдан 43 жастағы әйел бірден мерт болған. Оқыс оқиға сауда базарларының арасында орналасқан жер асты өтпелі жолының маңында орын алыпты. Қазір тиісті сараптама тағайындалып, тексеріс жүруде.