Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 24 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Әлихан Ишимовтың өлі денесі осыдан екі күн бұрын әуежай маңындағы көлден шыққан. Еске сала кетсек, Әлихан Ишимов 16 қарашада кешкісін үйінен шығып, содан ұшты-күйлі жоғалып кеткен еді. Ертеңіне ол мінген көлікті ата-анасы әуежай маңайындағы көлдің жанынан тапқан болатын. Ең қызығы, көліктің есігі ашық тұрған. Ал ішіндегі жігіттің телефоны мен құжаттарына ешкім қол тигізбеген. Қазір болған жағдайға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал жұмбақ жағдайда жан тапсырған марқұмның денесін туыстары жер қойнына тапсырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33