Алматыда «Жұмыс бар» мобильді қосымшасы іске қосылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жұмыста болуға жаңа мүмкіндік. Алматыда «Жұмыс бар» деген атаумен тұсауы кесілген бағдарлама жұмыс іздеп жүрген азаматтарға жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Қысқасы, таныс-тамырсыз қызмет табуға болады. Көлемді түрде ұйымдастырылған жұмыс жәрмеңкесінде 80 компаниядан түрлі мамандықтарға сұраныс түсіпті.


¤4 курс студенті Ақбота шет тілі мұғалімі мамандағы бойынша білім алып жатыр. Жуырда колледжді тәмәмдайды. Сол үшін жұмыс қарауды қазірден қолға алыпты. Жәрмеңкеге арнайы келген студент жаңадан іске қосылған «Жұмыс бар» мобильді қосымшасына тіркеліп, онда түйіндемесін толтырып қойған. Мобильді қосымша арқылы кез келген азамат өзі туралы бейнетүйіндеме де қалдыра алады. Сондай-ақ бұл әдіс жұмыс беруші мен оны іздеп жүрген адам арасында тікелей байланыс орнатуға септеседі. Әзірге аталмыш бағдарлама тек Алматы қаласы бойынша ғана қызмет көрсетеді.


«Мен тек қана мұғалім болғым келмейді. Осы ағылшын тілін болашақта өзімді жоғары көтерсем деймін. Балалармен жұмыс істеп қана қоймай, шетелге шықсам деп ойлаймын. Сондықтан осы жерге келдім. Осы «Жұмыс бар» деген қосымша өте жеңіл, маған өзіме ұнап түр. Қазір резюмені толтырып, интернетке жібердім», - деді студент Ақбота УБАЙДУЛЛА.

 

¤Ал 26 жастағы Ғалия жұмыспен қамту орталығы арқылы өзінің қалауындағы қызметін тапқан. Қазір тігінші болып еңбек етіп жүр. Мұндай жәрмеңке жастарға таптырмас мүмкіндік, дейді.


«Оқу орнын бітірдім. Менің мамандығым басқа мамандық: автоматтандыру және басқару мамандығы. Бірақ ол бойынша жұмыс таппадым. Қызығушылығым төмендеп кетті. Өйткені қанша уақыт жұмыс іздеп жүрдім. Өзім кішкентай кезден тігіншілікті жақсы көргендіктен шебер центрге келіп, үш ай курс өттім. Шеберлігімді арттырдым, көп нәрсені үйрендім. Қазір сол жерде жұмыс жасап жатырмын», - деді қала тұрғыны Ғалия ҚҰЛЫМБЕТОВА.

 

¤Қазір қалада жұмыссыз ретінде тіркелген 7 мыңдай азамат бар екен. Мамандар бұл тек ресми ақпарат екенін айтады. Ал тіркелуге келмей жүргендер бөлек әңгіме. Жыл басынан бері қалада 20 мыңға жуық азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы қызмет тапқан. Ал бүгінгі бос жұмыс орны жәрмеңкесіне жұмыс беруші 80-ге жуық компания қатысты. Бүгінде ең сұранысқа ие ІТ мамандары мен қызмет көрсету саласының өкілдері екен.


«Бұрынғы уақытта, мысалы, көбісі заңгерлердің оқуын бітірсе, не бомаса бухгалтердің оқуын бітірсе, қазіргі уақытта ІТ специалистер керек. Не болмаса азпазшы керек, кәдімгі жұмысшылар керек. Құрылыс мамандары керек. Бізге қазіргі уақытта беріп отырған сол қүрылыс мамандарына тапшылық болып тұр, аспаздарға тапшылық болып тұр», - деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл АХМЕТОВА.

 

¤Жәрмеңкеде оқуды енді бітіріп, кәсіпкерлікпен айналысамын деген студенттерге 15 күндік тегін оқу курсы да қарастырылған. Кәсіпкерлікті дамыту курсын оқып шыққан азамат банктерден несие алып өз ісін бастай алады.

 

Назкен Байтілес, Ескендір Тоғыспаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров