Алматыда ежелгі көшпенділер жайлы еңбек жарық көрді. Тарихи негізі мол жинақ авторлары - ғалым, шығыстанушы Ниғымет Мыңжани мен Зардықан Қинаятұлы. Олардың көп жылғы ізденістерінің нәтижесінде ұлттық құндылықтар қайта жаңғырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясынан көпшілікке таныстырылып отыр. Әсіресе, «XII-XIXҒҒ. Найман хандығы: тарихы және мәдениеті» ғылыми монографиясы ғалымдардың қызығушылығын тудырды. Бұл еңбектер «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен меценаттардың қолдауымен басып шығарылды.
«Бұл еңбектің ерекшелігі - біздің қазақ халқының мемлекеттік тарихын толықтырады, демек бұл -ақтаңдақтарды толтыратын еңбек. Ол өте көп деректерге негізделген. Рухани жаңғыру деген - біздің тарихи мұраларымызды жаңғыртумен қатар, жаңа мәдениетке көтерілу. Бүкіл дүниежүзіндегі рухани жаңғрытулар осылай дамыған»,-деді Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ.