Алматыда егіз балаларды өлтірген күдіктілер сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды

16.09.2017 в 03:30

Алматыда егіз балаларды буындырып өлтіріп, ізінше мәйіттерді тоңазытқышқа салған күдіктілер сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Түрксіб аудандық соты оларға осындай шешім шығарған. Тергеушілер істі толық зерттеп болған соң, прокурорларға табыстайды. Әзірге марқұм балалардың анасы Алла Волченко өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Ал оның танысы Эмиль Гильмутдинов балаларды қылқындырып, артынша оларды тоңазытқышқа салғанын мойындады. Айтуынша, бүлдіршіндер  тоқтаусыз жылап, маза бермегендіктен осындай қадамға барған. Есте болса, өлі балалардың денесі осыдан 4 күн бұрын Түрксіб ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен табылған еді. Полицейлерге күдіктілерді арада 1 күн өткенде қолға түсірген.