Алматыда екі бірдей жантүршігерлік жол апаты болды

09.08.2017 16:46

Алматыда екі бірдей жантүршігерлік жол апаты болды. Алғашқысында   жоғарғы жылдамдықта жүйіткіп келе жатқан BMW маркілі көлік қарсы алдындағы қос машинаға жаншылады. Салдарынан соғылған көлік ішіндегі 4 бала зардап шеккен. Одан бөлек, неміс машинасын тізгіндеген жүргізуші де жарақат алыпты. Дәрігерлер оларды қала ауруханаларының біріне алып кетті. Ал, екінші жағдайда жиекте қол бұлғап тұрған адамды жол-жөнекей алып кетпек болған жүргізуші қапыда апатқа ұшырайды. Лезде оңға бұрылғанында, оған «Mazda» келіп түйіскен екен. Соққының қатты болғаны соншалық, «Mercedes» көлігі бірнеше рет аударылып, оны тізгіндеген азамат ауруханаға жеткізілді. Қазір полицейлер қос оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.