Алматыда екі тоннадан астам пиротехника тәркіленді

 Алматыда екі тоннадан астам пиротехника тәркіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алты күннің ішінде Алматыда екі тоннадан астам пиротехника тәркіленді. Сегіз ауданда күнде рейдке шығып жатқан төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері заңсыз саудамен айналысатындар саны тоқтамай тұр дейді. Ал  заңсыз сауданың жұмысын жандандырып тұрғандарға тыйым салуы тиіс жергілікті учаскелік полицейлердің қолынан келер емес. Қатар-қатар тұра қалып, атылғыш заттарды сатып жатқан саудагерлерге салынатын 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл да оларға тұсау болмай тұр. Ал, полицейлер тәлкіленген пиротехникалар қайда кетеді деген сұрақтарға мардымды жауап бере алмады.

«Негізгі өзінің көк печаті дейміз. Болмаса лицензия қызыл түсті болу керек. Көбі көшірмеден өткізілген болып жатыр. Жаңағы пиротехникалық бұйымдар ішінде порх болғандықтан осындай ашық жерде сатылмауы тиіс. Алматы қаласында ылғалшы ауа райы болғандықтан қораптарына су кіріп, дұрыс атылмауы жарақатқа әкелуі мүмкін»,-деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі, Сандуғаш БАЙМҰХАМБЕТОВА.   

 

Новости партнеров