Алматыда экс-судьяға қатысты соттың жарыссөзі басталды

10.10.2017 00:59

Бүгін Алматыда экс-судьяға қатысты соттың жарыссөзі басталды. Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы Алатау ауданы сотының судьясын төрт жарым жылға бас бостандығынан айырыруды сұрады. Ал Өмірзақ Серімов өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол зардап шегуші Айнұр Омарбаевамен келісімге келгенін айтып, соттан тағылған қос айыпты алып тастауды сұрады. Ендігі істің ақ-қарасын судья 17 қазан күні шығарады. Жәбірленушінің сөзінше, айыпталушы үйді оған алып беруге келісіпті. 2009 жылы Светлана Тұрғанбаева оны 51 мың ақш долларына сатып алыпты.