Алматыда еңбек ері Қасыл Қатықбаеваға арналған ескерткіш ашылды. Батыр анаға құрмет көрсету үшін мектеп оқушылары, марқұмның туыстары мен әріптес достары келген. Еңбек ерінің есімі берілген білім ошағы іргесін биыл қалаған. Қазір мұнда 600-ге жуық оқушы тәлім алады.
¤
«Қасыл Қатықбаева - көзі тірісінде мемлекет тарапынан мақтау-мадаққа ие болды. Ол кісі «Еңбек ері» және «Батыр ана» атанған. Өмірінде тағдырдың талай тауқыметін тартқан. Бүгінгі шарада біз елімізге өлшеусіз үлес қосқан абзал жанға құрмет көрсетіп жатырмыз», - деді қала әкімінің орынбасары Арман ҚЫРЫҚБАЕВ.