Алматыда гармошка автобус жол апатына түсті

Алматыда гармошка автобус жол апатына түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда араға бірнеше жыл салып жуырда қайта жүре бастаған гармошка автобус жол апатына түсті. Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен жол шетіндегі қоршауға, кейіннен алдындағы автобусқа соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктегі 3 адам зардап шекті. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Қоғамдық көлік автопаркке бара жатқан, оның ішінде жолаушы болмаған. Атап өтерлігі, бұл жаңа жолаушылар көлігі өткен жылы желтоқсан айының аяғында жолға шыққан еді. Ұзындығы 18 метрді құрайтын қоғамдық көлік төле би көшесі бойымен қатынайды. Сыйымдылығы 190 адам. Айта кетсек, бір автобустың құны - 55 млн теңге. Мұны «Алматы электротранс» мекемесі өз қаржысына алған. Жалпы, бұл жаңа автобустардың қатысуымен орын алған 3-ші жол-көлік оқиғасы. 


Новости партнеров