Алматыда ірі жол апатының салдарынан бір адам қаза тапты. Көлік оқиғасы түнде болған. Toyota camry Рысқұлов көшесінің бойымен келе жатып, Емцов көшесіне бұрылмақшы болғанда BMW көлігі жанынан соққан. Соның салдарынан жапониялық көлік жол шетіне шығып кеткен. Ондағы бір жолаушы жедел жәрдем қызметі көлігінде көз жұмды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге 5 бригада жіберілген.
«2 зардап шеккен науқас біздің қалалық Шұғыл жедел ауруханасына жеткізіліп, ол жерде қабылдау бөлімінде тексеру өткеннен кейін мамандардың кеңісінен кейін ауруханаға жатқызылды. Бір науқас Орталық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, ол жерде қабылдау бөлімінде тексерілгеннен кейін қазіргі таңда стационарлық ем қабылдап жатыр. Одан кейін, төртінші науқасымыз біздің қалалық клиникалық 7 ауруханасына жеткізіліп, тексеруден өткеннен кейін амбулаторлық ем алу үшін үйіне қайтарылды», - деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә ИМАНҒАЛИЕВА.