Алматыда ірі жол көлік оқиғасы орын алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ірі жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан үш адам зардап шекті. Жарақаттанғандардың ішінде екі жасар бала бар. Апаттың қатты болғаны соншалық екі автокөліктің сау тамтығы қалмаған. Оқиға Айнабұлақ ықшам ауданында орын алыпты. Зардап шеккендер жақын арадағы ауруханаға жеткізіліп, қазір оларға тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр.

«Паладин көшесімен жоғары келе жатқанмын. Бойжеткен басты жолға аяқ асты шыға келді. Соқтығысып, сырғанап барып жүк көлігімен соғысқаным есімде. Әрі қарай не болғанын білмеймін. Көзімді ашсам, ауруханада жатырмын», - деді зардап шегуші Вугар КАРИМОВ. ¤

30 жастағы Лексус жүргізушісі Вугар Каримовтің тобығы сыныпты. Жедел жеткізілген науқасқа тиісті ота жасалған. Енді оның толық аяққа тұрып кетуі үшін әлі бірнеше ай керек екенін айтады дәрігерлер. Ал Субару көлігінде болған кішкентай бүлдіршіннің жарасы жеңіл, қазір бала мен екінші жарақат алған азамат амбулаториялық ем алып жатыр.

 


«Жағдайы ауыр деңгейде. Науқас сол жақ аяғының тобығының сынығы жарақатымен келіп түсті. Қабылдау бөлімінде жедел түрде зерттеу жүргізіліп, диагноз анықталған соң оған ота жасалынды. Остеосинтез операциясы. Қазір жалпы бөлімшеде емін жалғастыруда. Жағдайы тұрақты», - деді №4 клиникалық ауруханасы қосарланған жарақат бөлімінің меңгерушісі Дәурен ТҮСІПОВ.


Новости партнеров