Алматыдағы түзеу мекемесінде отырған әйелдердің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Белсенділердің хабарлауынша, қапастағы қамкөңіл нәзік жандыларды түрме қызметкерлері жұдырықтаған. Соққының астында қалған қамаудағы келіншектер 4 күннен бері аштық жариялап жатыр деп, құқық қорғаушы Елена Семенова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әрі бассыздыққа жол бермеуге үндеп, Бас Прокурордан араша сұрады. Семенованың сөзінше, түзеу мекемесінің қызметкерлері қамаудағы 10 әйелге қорлық көрсеткен. Соққыға жығылғандардың арасында жүкті келіншек те бар көрінеді.
«Маған бұл туралы қамауда отырған әйелдердің туысы хабарлады. Әйелдер 4 күн қатарынан аштық жариялап отыр. Оларды мекеме қызметкерлері аяусыз тепкіге алған. Ауыр жарақат алғаны туралы хабарды 115 нөміріне тергеу изоляторынан да хабарлаған. Ал жүкті әйел өзіне қол салмақ болған. Түрме қызметкерлері аштық жариялап, аузын тігіп тастаған адамды да жоқ қылған. Қазір бұл ақпаратқа байланысты Ішкі Істер Министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері тексеруді бастады», - деді құқық қорғаушы Елена СЕМЕНОВА.