Алматыда қар тазалау жұмыстары әлі де жалғасуда

08.02.2018 22:54

Алматыда қар тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Жауған ақ ұлпаның биіктігі 6 см-ден асып, таулы аймақтарда 12 см-ге дейін жеткен. Бұл туралы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мәлімдеді. 180 қар тазалайтын техникадан құрылған 20 колонна 4 мың текше метрден астам қарды қала сыртына шығарған. Сонымен қатар, жолдарға мұзды ерітетін 4 мың тоннадан аса қоспа себіліпті.

«575 арнайы спецтехника шықты және 2 мыңнан астам жұмысшылар шықты. Аудандық әкімдікте қала әкімдігінде арнайы тәуліктік кезекшілік орнатылды. Және де қазіргі кезде қарды жинау жұмыстары жалғасуда»,-деді Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз хатшысы, Айжан КЕНЖЕБЕКОВА.