|
24.10.2017 | 18:50
1307

Алматыда каратэден Қазақстан біріншілігі өтті

Алматыда каратэден Қазақстан біріншілігі өтті

Алматыда каратэден Қазақстан біріншілігі өтті. 300-ден аса жас спортшылар өзара кім мықтыны анықтады. Ең әсерлі кездесулер кумитэ, ката ережесі бойынша төбелестер болды. Сонымен қатар, тақтай сындыру жарысы көрермендердің көңілінен шықты. Дода жеңімпаздары халықаралық жарыстарға ұлттық құрама сапында дайындалады.

«Соңғы уақытта жастар осы спорт түрімен көбірек айналыса бастады. Біз көшеде жүрген балаларды осында алып келіп тәрбиелейміз. Мұнда ең бастысы - үлкенге құрмет, әлсіздерді қорғауға үйретеді. Мен ата-аналарды балаларын спортқа көбірек беруге шақырамын»,- деді  ҚР Киокушинкай-Кан каратэ федерациясының президенті, Омархан ӨКСІКБАЕВ.

 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир