Борышкермен сөз қысқа. Алматыда қарызы қордаланған азаматтарға қатысты шаралар қатаңдатылды. Қалалық сот орындаушылары жемқорлықпен ұсталған шенеуніктің Mercedes көлігін тәркіледі. Осыдан 2 жыл бұрын қызметтік бабын асыра пайдаланған мемлекеттік мекеме қызметкері қамауға алынып, 20 мың теңге айыппұл салынған. Алайда, ол айыппұлын төлемеген, 2015 жылдың желтоқсан айында сол үшін ол 3 күнге қамауға алынған.
«Борышкердің атында ешқандай мүлік жазылмаған. Бірақ оның жарының атында Mercedes-Benz S600 және неке кезінде алынған жер учаскісі болған. Мүліктің бәрі тәркіленіп, әйеліне 50 пайыз үлесін сатып алу ұсынылды. Бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартқан. Нәтижесінде көлік пен учаскіні аукционда сатқан, қаржының жартысын оның жарына, қалғанын қарыз мерзімін ұзарту үшін мемлекетке берген», - деді Бостандық ауданы аумақтық департаментінің сот орындаушысы Мадияр ДІЛМАҒАМБЕТОВ.
Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғыны 8 бөлмелі зәулім сарайды 6 зейнеткерге сатып жіберген. Әр қайсысымен келісім шарт жасасып, қаржыларын жинап алып жоғалып кеткен. Баспананы сатып алушылар алданғандарын тек жылжымайтын мүлікті тіркеуге барған кезде білген. Себебі ол үй заңдастырылмаған болып шыққан. Зейнеткерлерді алдап соққан сатушы 8 жыл қашып жүрген.
«Кейіннен осы сот шешімін орындау барысында сот орындаушылардың көмегімен Алматы қаласының сотқа ұсыныс жолданып, зейнеткерлердің пайдасына алданған жылжымайтын мүлікті заңдастыру туралы кейіннен осы сот шемімі шығып, сатып алынған 6 бөлмелі заңдастырылып, зейнеткерлердің пайдасына тіркеліп берілген болатын», - деді Түрксіб ауданы аумақтық департаменті бөлімінің басшысы Естай ЖҰМАҚАНҰЛЫ.