Алматыда кәсіпкерлер жаңадан ашылатын сауда орындарына қызу таласты

Алматыда кәсіпкерлер жаңадан ашылатын сауда орындарына қызу таласты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда аукцион өтті. Кәсіпкерлер Панфилов көшесінің бойында жаңадан ашылатын сауда орындарына қызу таласты. Бәске түскен 11 компания өкілі ол аумақта тағам түрлерін сатумен айналыспақ. Акционды ұйымдастырушылар қатысушыларға арнайы талаптар қойған. Бастысы - осы салада 2 жылдық тәжірибиелері болуы керек, сондай-ақ тазалық талаптарын мұқият сақтаулары қажет. Акционда ең көп қаржы ұсынған іскерлермен келісімшарт жасалды. Олардың әрбірі тек 2 лоттан үмітті болды.

Аукционда бас-аяғы шағын телімі бар 5 павильон саудаға шығарылды. Оның бірі - тек балмұздақ және сусындар сатуға арналған. Қалғандарында жылдам дайындалатын тамақ түрлері әзірленеді. Қала әкімдігі ұсынған заманауи павильондарды кәсіпкерлердің өздері қажетті жабдықтарымен жарақтауы керек. Келісімшарт 1 жылға жасалады. Табысы көбейсе, кәсіпкерлер жалға алу мерзімін ұзарта алады.


Новости партнеров