Алматыда кәсіпкерлерден пара алып жүрген «мемлекеттік қызметші» ұсталды

09.11.2017 21:53

Алматыда өзін мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерімін деп таныстырып, кәсіпкерлерден пара алып жүрген күдікті қолға түсті. Ол бизнесмендердің қаржылық сауатсыздығын пайдаланып ақша бопсалаған. Жалған салықшы полицейлермен бірлесіп жүргізілген жедел іздестіру шарасы аясында 50 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған. Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысының бар жоғы тексеріліп жатыр.