Алматыда қайырымды жандарға "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығы табысталды

30.10.2017 21:52

Еліміздің ең қайырымды жандарының есімі анықталуда. Дəл қазір Алматыда "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығын табыстау салтанаты басталды. Ұйымдастырушылар қайырымдылық жасап жүрген атымтай жомарт жандардың қатары жыл санап өсті деп отыр. 11 жыл қатарынан өткізіліп жатқан шараға биыл 500-ге жуық меценат қатысуға өтініш берген.  Бұл рекордтық көрсеткіш. Осылайша қайырымды жандар саны 10 есе өсті. Соның ішінен қазылар алқасының шешімімен тек 33 үміткер таңдалған.

«Он бір жыл қатарынан «Алтын жүрек» қайырымдылық бейнесі өткізіліп жатыр. «Жақсныңы жақсылығын ата, нұры тасысын» деген қазақта жақсы сөз бар. Сондықтан, қоғамның, адамдардың сана сезімінің өскен көрсеткіші»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.