Алматыда кеңейтілген жәрмеңкелер мерзімі басталды. Алғаш болып ауыл шаруашылық өнімдерін Алматы облысының фермерлері ұсынатын болады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Астана алаңы нағыз сауда-саттық орнына айналмақ. Жәрмеңкеде қалалықтар ет-сүт, көкөністер, шұжық пен ұн өнімдерін төмен бағамен сатып ала алады. Тұрғындарға 40-тан аса азық-түлік өнімі ұсынылады.
«Кеңейтілген он жәрмеңке өтті. Бұл Алматы облысы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан облысы. Шамамен 2140 тоннадай өнім сатылды», - деді Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қанат КӘКЕН.