Алматыда кезекті рет инвестициялық форум өтеді

03.10.2017 21:47

Алматыда кезекті рет инвестициялық форум өтеді. Әлемдік шараға биыл 28 елден келетін 500 қаржыгер қатыспақ. Қалталылар 4 бағыт бойынша ірі жобаларды талқыға салады. Олар логистика, тамақ өнеркәсібі, білім мен киноиндустрия саласын назарға алады. Өзгешелігі - осы жылы кәсіпкерлер әкімдік тарапымен меморандумға отырмайды. Есесіне, келісімге келген екі кәсіпорын өзара шартқа қол қоятын болады.


«Алматы қаласына қажетті  жобаларды көрсетеміз. Ол әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың жанындағы инновациялық орталық, одан басқа көп деңгейлі жылыжай, көпдеңгейлі паркинг, жеке әуежай және үлкен саябақ жобасы», - деді Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Айдар САПАРОВ.

 

¤Былтырғы бас қосудың нәтижесінде  7,7 миллиард теңгенің 5 жобасы  нақты іске асқан еді. Оның ішінде 10 мың түп алма апортын  өсіру қолға алынған болатын. Нәтижесінде, бас-аяғы 1 мың 200 жұмыс орны ашылды. Биылғы инвестициялық форум 5 қазан күні ұйымдастырылады.