Алматыда кезекті веломаусым аяқталды

24.10.2017 22:55

Алматыда кезекті веломаусым аяқталды. Шараның жабылу салтанатына орай 1000-нан аса қатысушы әдеттегідей 8 шақырымды жүріп өтті. Ал белсенді спорт сүйер қауым арасында 10 велосипед пен құнды сыйлықтар ойнатылды. Велошеру «Нұрлы таудан» басталып, «Астана» алаңында мәреге жетті. Биыл сәуір айынан бастап әр апта сайын «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында велошеру өткізілген болатын.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматыда 1200 шара өтеді. Соның бірі - велошеру. Одан бөлек, бізде спартакиада, жүзуді үйренудің негіздері, альпиниада, «Медеу баспалдақ» секілді түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында ұлттық ойындар да назардан тыс қалмады. Мәселен, осы көктемде өткен «Ұлы Дала ойындарын» айтуға болады», - деді «Спорттық Алматы» бағдарламасының басшысы Айдос БАҒАШЕВ.


Теги: Маусым