Алматыда «Халық жүрегіндегі жауынгерлер» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті

11.05.2018 15:25

Халық жүрегіндегі жауынгерлер. Алматының мемлекеттік орталық музейінде Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына арналып қайырымдылық шарасы өтті. Алматылық жастар тыл ардагерлерімен кездесіп, әскери өмір туралы әңгіме тыңдауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ оқушылар «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» экспозициясымен танысты. Мақсат - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Себебі, елжанды ұрпақ қана «Мәңгілік ел» идеясының мәнісіне жіті үңіледі.

«Үлкен-кіші барлығы ат салысты. Әскер жасындағылар майданға аттанды. Ал енді еңбек жасындағылар еңбекпенен айналысты. Мысалы біз сияқты балалардың өздері аздап мектеп арқылы еңбекке араласты», - деді тыл ардагері Төлеубай ЖҰМАСҰЛТАНОВ.