Алматыда көлік қағып кеткен 2-сынып оқушысына қатысты жаңа деректер пайда болды

13.03.2018 21:00

Алматыдағы №31 мектептің қызметкерлері көлік қағып өлтірген 2-сынып оқушысына қатысты жағдайдың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мектептегілердің мәліметінше, бала көпбалалы отбасында тәрбиеленген. 4 бала болған. Ал мерт болған 2-сынып оқушысы отбасының тұңғышы болған екен. 

"Бұл оқиға 12 наурызда сағат 12.50-де орын алды. Бала мектепке анасымен бірге бара жатты. Екінші сыныпта оқитын, сабақ түстен кейін басталады. Анасы баласын жолдан өткізіп, өзі қала берді. Бірақ бірде бала жолдан қайта өтпекші болып, анасына қарай жүгіреді. Осы сәтте Toyota көлігі келе жатқан. Баланы анасының көзінше қағып өлтірді", - дейді мектептегілер.

Сондай-ақ, олар көлік тізгінінде қыздың отырғанын айтады. 

"Қандай жылдамдықпен келе жатқаны белгісіз. Бірақ бізде жаяу жүргіншілерге арналған жолда белгі бар, жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмау туралы шектеулер де бар. Жүргізуші жылдамдықты асырған жоқ деп ойлаймыз", - дейді мектептегілер.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда жүргізушінің жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан 2-сынып оқушысын қағып өлтіргені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, ол дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Теги: Жол апаты