¤Алматы тұрғындары тағы да алаяқтардың арбауына шырмалды. Көлік сатып алған азаматтар темір тұлпарды өз аттарына аудара алмай әлек. Әр қайсысы миллион теңгеден берген қаржысы далаға кетпесе екен, дейді.
¤Алаяқтың арбауына түскен азаматтың бірі-Сүгірбай Ердәулет. Алпысты алқымдаған ел ағасы өз кәсібіне қажет деп көлік сатып алады. 700 мың теңеге бағаланған темір тұлпарға азын-аулақ тиын тебені жетпегеніне қарамастан, сатушы бөліп беруге келісім береді. Әйтседе, үш айда қалған қаражатын толық төлеп болған соң, көлікті өз атына аудару мүмкін емес боп қалады. Өйткені, алдап соққан Ермек Қайранбаев есімді азамат бұл көлікті басқа біреуден уақытша алып, екінші адамға сатып жіберген. Осылайша, көлікті тағы да 200 мың теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп болға соң, мүліктің тағы бір заңды иесі аяқ-асты пайда бола қалады. Өзімнің туысымның темір тұлпары деп сендірген Қайранбаевтың бұл қылығына әлі ешқандай сот нүкте қоя алмай келеді. Тергеу жұмыстары тоғыз айдан бері жалғасып жатыр екен. Ұзаққа созылған түйткілді мәселенің түйіні қашан тартқар екен деген үміт жәбірленушінің күдігін ұялатуда.
¤¤«Бұрынғы иесі - Бекдайыров Азамат бізді сотқа берді. Наурызбай аудандық сотына. Азаматтық іспен қаралды сот. 2-3 рет процесс болды. Қайранбаев Ермек деген бізге мәшине сатқан адам қамалғаннан кейін, ол қайтадан арызын алып, сол бойы сот тоқтап қалды. Сонымен жүрміз не істерімізді білмей», - деді¤ қала тұрғыны Ердәулет СҮГІРБАЙ.
Бұл азаматты алдап соққан күдікті басқа қылмыстық іс бойынша бір ай бұрын 5 жылға сотталып кеткен. Енді Жетісу аудандық Ішкі істер басқармасына қоса қабаттасқан қылмыстық іс қалмады, яғни мәселенің мән-жайын анықтау осы ауданның құзырлылырына жүктеліп отыр.
¤
«Қосымша айтатын болсақ, азамат Сүгірбаевтің арызы бойынша Жетісу аудандық ішкі Істер басқармасында да арыз тіркелген болатын. Алаяқтық дерегі бойынша, аса қомақты сомма да жасалған. Қазіргі таңда бұл іс материалдары өндірісте. Жетісу ауданыдық басқармасындағы іс міндетті түрде бітіп,сот прцессуалдық шешімдер қолданып барлық тергеу амаладарын жасау үшін азамат Қайранбаев жазасын өтеп жатқан мекемеден полицияға жеткізілетін болады», - деді Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.
¤
Көлікті алып-сатуда пайда көріп қалғысы келетіндердің қақпанына түскен тағы бір азамат - Ержан Айбергенов. Қазіргі мініп жүрген тұлпарының құжат бойынша иесі тағы да сол Бекдайыров Азамат. Тек бұл жолы Азамат мырза көлікті Қайранбаев емес, өзге туыс інісі арқылы сатпақ болған. Түптеп келгенде, Бекайдаровтың көлігін 200 мың теңгеге Нұрдәулет есімді азаматтан сатып алады. Біраз уақыттан соң, негізгі иесі темір тұлпарды қайтаруын сұрайды не болмаса үстінен тағы 400 мың теңге төлеуін талап етеді. Олардың бұл қитұрқы әрекетіне жәбірленуші осы жолы келісе қоймағанын ашып айтты.
¤«Екеуміз келіспедік. 200 мың былай берсек, 400 мың саған берсем. Оған қоса өзімнің жасаған ремонтым қаражаты бар. Бұл маған миллионнан асып кетеді. Сонымен екеуміз соттың шешімін күтіп отырмыз. Бәрін бір адамға бере салған. Ол адам қомақты ақша алып кеткен», - деді қала тұрғыны Ержан АЙБЕРГЕНОВ.
¤Ал көліктің негізгі иесі Бекдайыровтың неліктен өз арызын қайта алғаны әлі күнге дейін жұмбақ. Тіпті, бірнеше көлік соның атында болса да, оларды іздемей жатқандығы сатып алушылардың күдігін туғызуда. Жәбірленушілердің пікірінше, барлығы ұйымдасқан түрде адамдарды алдамақ болған. Соған қарамастан, қаймықпай қарсыласқандарын сотқа берем деп қорқытса керек. Әйткенімен, соңында соттан арызын өзі алып кетеді. Алданғандар, соңғы нүктені аудандық құзырлылар қоя алмаса, жоғары сотқа дейін шағымданамыз, дейді. Өйткені, уақыт пен ақшадан бұрын, әбден әбіргірге түскендіктерін алға тартуда.
Әйкерім Ердәулетқызы, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы