Алматыда конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда конституциялық реформаны білім саласының мамандарына түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ата Заңға енген өзгерістерден жүздеген ұзтаз бен оқушы хабардар болды. Есте болса, апта басында Парламенттің қос палата депутаттары еліміздің басты құжатына 26 түзету енгізген еді. Нәтижесінде, 19 бап түзеліп, кейбірі тіпті жойылды. Ізінше, Конституциядағы жаңа тармақтар Елбасы мақұлдануына жолданған. Ал, Президент тәртіпке сай, құжатты Конституциялық кеңестің талқысына жіберді.
«Президенттің негізі айтқаны - өзінің біраз өкілеттігін Парламент пен Үкіметке бөліп берді. Бұл ұсыныс халық тарапынан қолдау тапты. Бірақ негізгі басымдықтардың барлығы Елбасының құзырында», - деді Алматы қаласы №185 мектеп директоры Алдоңғар ЕГЕУБАЙҰЛЫ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23