Алматыда қос шенеунік қолға түсті

18.07.2017 в 17:22

Алматыда құлқы қамын күйттеген тағы қос шенеунік қолға түсті. Ұлттық бюро қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен "ҚазАвиаҚұтқару" акционерлік қоғамының директоры Мәлік Досымбеков пен “ҚазАвиаОрманҚорғау” мекемесінің басшысы Төлеуғазы Сексенбаевты қамауға алды. Соңғысы осы жылы ғана "Ұлт мақтанышы" медалін төсіне таққан еді. Оларға 50 мың доллар көлеміндегі қаржыны қалталарына басқан деген айып тағылып отыр. Анықталғаны - қос күдікті қомақты параны шетелдік компания басшысынан алған екен. Тараптар құны 12 млн теңге болатын жәбірленушілерге арналған тікұшақ алу үшін осындай астыртын келісімге келген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Айғақ заттар толықтай тәркіленген.