Алматыда куәгер кортеждің алдында келе жатқан полиция көлігін видеоға түсіріп алды. Бұл оқиға Алтын орда аумағында болған. Бейнетаспаға қарап, көлік нөпірі сәбидің дүниеге келуіне байланысты ұйымдастырылғанын байқауға болады. Ғаламтор пайдаланушысы бейнені инстаграм әлеуметтік желісіне жүктеп, мұндай қызмет қанша тұратынын сұраған. Аталған роликті осы уақытқа дейін көптеген адам қарап, пікір жазып үлгерген. Пікір қалдырушылардың кейбірі полицейлердің көлігі алып жүруі заңды екендігін, тіпті оның ақысы 500-700 мың теңге тұратындығын жазған. Ал, заңгерлер заңда мұндай қызмет түрі қарастырылмағандығын атап өтуде.
«Бекітілген нормалар бар. Мәселен, балаларды алып жүру, сондай-ақ басқа да колонналар бар. Мұның барлығы тегін. Ол бюджет есебінен іске асырылады. Полицейлер қызметтік міндеті аясында алып жүреді. Кімнің қалай жүретінін командир реттеп отырады. Ал мына жағдайда экипаж заңсыз жүрген. Тәртіп сақшыларын жазалау керек. Бірақ алдымен оның анық-қанығына жетіп алу керек. Егер олар өздігінен алып жүрген болса немесе басшылық тапсырма берген болса, онда жетекшілеріне шара қолдану керек», - деді заңгер Сергей УТКИН.
Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі кортеждің жол полициясы көлігінің алып жүргенін жоққа шығарды. Бұл жәйтті кездейсоқ болғандығын, колонна полиция көлігі артына ілесіп алу мүмкін екендігін атап өтті. Сондай-ақ департамент алып жүру қызметі жеке тұлғаларға ақылы түрде жүзеге аспайтындығын қадап айтты.