Алматыда қытай тілі мектебі ашылды. Орталықта мұғалімдер қытай тілін «путунхуа» талабымен оқытады. Аспан асты елінде аталған стандарт бойынша барлық мектеп білім алады екен. Сонымен қатар мұнда тарих, география, философия сынды пәндер Қытай тілінде өтеді. Тәлімгерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.
«Мұнда сабақтар тек Қытай тілінде өтеді. Біздің мектепте қытай елінің азаматтары да білім алады. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін осындай орталықтар ашқан жөн болар. Мектепте қытай тілінен өзге пәндер оқытылады», –деді ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Гуо Син ЧИАО.