Алматыда мектеп оқушылары Наурыз мерекесін дүркіретіп тойлады

Алматыда мектеп оқушылары Наурыз мерекесін дүркіретіп тойлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық танымы терең, тарихи салт дәстүрлерге толы Наурыз мерекесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштасып жатыр. Көктемнің ұлық мерекесі балалардың Отанға, елге деген ерекше  сүйіспеншілігін  тудыратын таптырмас құрал. Қарасай ауданындағы 51-ші мектепте жаңа жыл меркесін өткізіп жатқан ұстаздар қауымы осылай, деді. Айтуларынша, тек қазақ ұлты ғана емес, сол өңірдегі барлық тұрғындар жергілікті халықтың ұлттық киімін киіп, бар өнерлерін ортаға салды. Наурыз мейрамы - қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтап, дәстүрімізді дәріптейтін, ізгілік пен мейірімділікке бағытталған ізгі шарада балалар қара жорға биін мың бұрала билеп, қазақ күресінен өзара мықтыларды анықтады.

«Ауданымызда 51 мектеп болса, солардың барлығында осындай ұлттық дүниелерімізді көрсететін, ұлттық кодымызды анықтайтын, барлық ұлттар бар. Барлық мектептерде осындай керемет шаралар өтіп жатыр. Оқушыларды салт-дәстүрді білетін, партиоттық сезімді оятатын керемет дүние», - деді Алматы облысы Қарасай ауданы білім бөлімінің басшысы  Гүлнар ТӘКІМОВА.

«Салт-дәстүрімізді одан әрі жаңғыртып, жасөспірімдерге бесік той, тұсау кесер осыларды ары қарай өсіп келе жатқан мына балалар жаңғыртса деген оймен өткізіп жатырмыз. Наурыз мерекесі құтты болсын, ақ мол болсын. Тек еліміз тыныш болып, Қазақстанымыздың туы биіктеп өрлей берсін», - деді «Алтын ауыл» мектебінің директоры Гүлмира ИМАНБАЕВА.

Алматыдағы №159 мектептің оқушылары да әз-Наурызды дүрілдетіп, өз дөңгейінде атап өтуді әдетке айналдырған. Бүлдіршіндер қазақтың биін билеп, тұсаукесер дәстүрін, ортеке күйін көпке көрсетті. Жыл бастауы саналатын түркітілдес елдердің төл мерекесіне жылдағыдай дайындық ерекше. Өйткені, көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрамды жасы да, жасамысы да күтеді.

«әз-Наурыз мерекесі мектепте жыл сайын тойланатын үдеріс болып саналады. Әз-Наурыз мерекесінде біздің оқушылар өздерінің салт-дәстүрін біліп және бұрыннан бері өзі Наурыз жыл басы екенін біліп, Наурыз мерекесінде құт береке, ырыс келетіні жөнінде балаларға толық мағлұмат», - деді Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Сайрагүл АЛДЫНҒҰРОВА.



Новости партнеров