Алматыда мемлекеттік көліктер электронды саудада жаппай сатылып жатыр. Жыл басынан бері 62 темір тұлпар бәссаудаға қойылған. Сонымен қатар, құны 43 миллион тенге болатын 2 шаруашылық нысан жекешелендірілген. Мұның барлығы электронды аукцион ретінде жүреді. Саудаға қойылған мемлекеттік мүлікті кез келген адам ала алады. Яғни, ортада делдалдар болмайды деген сөз. Мамандар автоматтандырылған жүйенің тиімді екенін айтады.
«Бәссаудаға қатысам деушілер, алдына ала жарна төлеу керек. Егер сауда жасалмаса, қатысушыға қаражаты қайтарылады. Осы жылдың соңына дейін 43 нысанды жекешелендіру жоспарда бар. Олардың 8-і типографиялық құрылғы, екеуі жылжымайтын мүлік. 33-і көлік құралдары», - деді Алматы қаласы «Ақпараттық және бухгалтерлік» орталығы АҚ бас маманы Оксана БАЙДЕЛЬДИНОВА.
¤Ендігі сауда келесі аптаның ортасына жоспарланып отыр. Аукционға коммуналдық нысандыр қойылған. Олардың ішінде, Қастеев атындағы мектеп, біліктілікті арттыру институты және Алматы «Қайрат» футбол клубының 30 пайыз акциясы бар.