Алматыда менингококк инфекциясынан студент көз жұмды

26.05.2018 в 00:45

Алматыда менингококк инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. Жұқпалы дерт бұл жолы қаладағы 1 курс студентінің өмірін жалмап тынған.  Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, науқас ауруханаға кеше таңертең түскен екен. Алайда, дәрігерлер аты жаман ауруға араша бола алмай, студент кешке бақилық болыпты. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алматыда 3 адам жұқпалы дерттің құрбаны болғаны айтылған еді. Қайтыс болғандардың қатарында кішкентай бүлдіршін де бар. Ол ауыр дерттен небары 4 сағат ішінде көз жұмған. Соңғы ресми мәлімет бойынша, қазір қалада менингококк инфекциясы 15 адамда нақтыланған.