Алматыда миллиардтаған сомманың келісім шартына қол қойылды

Алматыда миллиардтаған сомманың келісім шартына қол қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда миллиардтаған сомманың келісім шартына қол қойылды. Маңызды құжат «Almaty invest» форумы аясында бекітілді. Осы ретте, отандық іскерлермен қоса, өзге елдің қалталылары да оңтүстік астанаға ақша құйған тиімді екенін айтады. 


¤Алматыда әлемнің 28 елінен 500-ден астам делегация  бас қосты. Ішінде отандық іскерлер де бар. Мақсат ортақ, мүдде бір. Барлығы бір-біріне бизнес бастамаларын ұсынып, қос тарапқа да ұтымды келісім жасау. Алматы іскерлер үшін өте қолайлы қала. Сырттан келген қаржыгерлерге де барлық жағдай жасалған. Тіпті, зауыт салып, өндіріс ашу үшін инфрақұрылымдары дайын, жер телімі беріледі. Шаһар басшы Бауыржан Байбек келесі жылы жоғары технологиялық екі өндіріс ошағы шетелдік кәсіпкерлермен бірге ортақтасып ашылатныдығын алға тарты. Оның бірі - неміс технологиясымен элетроавтобус шығаратын кәсіпорын болса, екіншісі- жылына 550 мың қоқысты  италияндық құрал-жабдықтың көмегімен өңдейтін зауыт. 


¤«Қазіргі таңда 600 миллион доллардың 40 ірі жобасы  іске асуда. Оның 7-уі шетелдік инвесторлармен бірге. Жоғары технологиялық компаниялар үшін «арнайы инновациялық парк» жұмыс істейді. Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  қаладағы екінші жылу электр стансасын газға көшіру мәселесін көтерген болатын. Бұл бастама қолға алынса, ауаның ластануы 11 пайызға азаяр еді. Осы жобаға технологиялық мүмкіндігі бар шетелдік инвесторларды қатысуға шақырамыз», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


¤Қалталылар 4 бағыт бойынша ірі жобаларды талқыға салды. Олар логистика, тамақөнеркәсібі, білім мен киноиндустрия. Өзгешелігі - осы жылы кәсіпкерлер әкімдік тарапымен меморандумға отырмайды. Есесіне, келісімге келген екі кәсіпорын өзара шартқа қол қояды. Соның бірі-батыс Қазақстаннан келген тарап 5 миллиард теңгені құрайтын 3 бірдей келісім шартқа қуана келісті.


«Мәселен, біз бұрін электр жабдықтарын шетелден аатын болсақ, оны қазір Алматыдан шығаратын «Schneider» электр компаниясымен келісім шартқа отырамыз. Сонымен бірге, өндіріс саласы болған соң, басты мәселе-қауіпсіздік. Қауіпсіз киім-кешек шығаратын мекемемен келісімшартқа отырамыз. Халықаралық стандартқа сай машина жасау зауыттардың лицензиясы бар мекемелермен келісімшартқа отырамыз», - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ.


¤Шетелдіктер шақырғанға шын қуанып, бөркін аспанға лақтырады. Өйткені, біздің елде кедергісіз кәсіп бастауға мүмкіндік көп. Соның бірі-қазақ жерінің құнарлығына тамсанған корейлік кәсіпкер. Былтырғы инвест форумнан кейін Қазақстанда өсетін гүлдерді Корей еліндегі өсімдіктермен будандастырып, жаңа гүлдің 500 түрін шығармақ. Қазір жаңа сұрыпты дайындау жұмыстары жүргізілуде.


«Бізде қазір жұмыстың тек бастамасы ғана. Бұл жобаны іске асыру үшін әзірге 860 мың доллар инвестиция салдық. Алдағы уақытта тағы да 5 миллион доллар қаржы құюға дайынбыз. Екі жылдан кейін дайын өнімді аламыз деп жоспарлап отырмыз. Әзірге жылыжай аумағы 11 гектардан асады», - деді кәсіпорын басшысының орынбасары Лим Сун ТЭК.


¤Бас қосу барысында әлемді алаңдатқан аутизм дерті де сөз болды. Сарапшылардың сөзінше, жылына алматылықтар емделу үшін 500 миллиард долларды шетел медицинасына құяды екен. Сондықтан медициналық туризмді дамыту арқылы, қыруар қаржыны шекара асырмау.


«Мен Алматы қаласы әкімдігіне аутизммен сырқаттанатын адамдарды емдейтін орталық құру туралы ұсыныс тастадым. Біздің кәсіпорынның осындай жобаларға ақша қарастыратын арнайы қоры бар. Менің көздегенім инвестор ретінде дәл осы салаға қаражат құю», - деді «N. Sethia Group» қорының төрағасы Нирмал КУМАР СЕТИЯ.


¤Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысының әкімі оңтүстік астанада өткен айда іске қосылған «Open Almaty» қоғамдық қабылдау  орталығын өз аймақтарында іске асырғысы келетіндіктерін тілге тиек етті. Арнайы аталмыш орталыққа да барған. Мұнда мамандар тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдап қана қоймай, өз бизнесін бастаймын деген азаматтар үшін кеңестер те береді. Былтырғы бас қосудың нәтижесінде  8 млрд-қа жуық  5 жобасы  жүзеге асқан. Оның ішінде 10 мың түп апорт ағашын өсіру қолға алынған еді. Нәтижесінде, 1 мыңнан астам азамат еңбекпен қамтылған.


Әйкерім Ердәулетқызы, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров