Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту жолға қойылмақ

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту жолға қойылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту жолға қойылмақ. Осы мақсатта қалада күндізгі стационардың саны көбейтілмек. Қазіргі таңда ондай орындар 5 ауданда жұмыс істейді. Биыл тағы екі ауданда ашылады.  Ал, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы көмек көрсетеді. Бүгін ЮНЕСКО клубының өкілдері мен жоғары оқу орындарының студенттері келіп, жасөспірімдерге арнап, шеберлік сабақтарын өткізді. Бастаманы ЮНЕСКО клубы мен Жамбыл облысындағы қоғамдық қор бірлесіп қолға алған.

«Бұл бастама бір ай бұрын басталған. Біз балаларға қайырымдылықтан бөлек, әлеуметтік бизнеске де үйреткіміз келеді.  3 жастан бастап ата-аналарымен бірге ат салысты. 120 дана қуыршақтар тігіліп, міне осы орталыққа келіп, балаларға қуаныш ұялаттық деген сенімдеміз», - деді «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы» жастар клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл РАЗАҚОВА.

Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қазір 140 бала тәрбиеленіп жатыр. Мұнда оларға 8 сала мамандары көмек көрсетеді. Әр баланы қамтуға ай сайын 5 мың теңге бөлінеді. Жалпы қала бойынша 5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар.

Новости партнеров