Алматыда оқушыларға арналған журналдың тұсауы кесілді

16.02.2018 19:09

Алматыда оқушыларға арналған журналдың тұсауы кесілді. Бір қызығы, түрлі тақырып тауып, мақала жазатын журналист оны бекітетін редактор қызметтерін мектеп тәлімгерлері атқарады. Осы уақытқа дейін жаңа журналдың үш саны жарық көріп үлгеріпті. Тілшілер тек позитивті тақырыпта мақала жазады. Жоба авторларының сөзінше, тың журналға кез келген қала оқушысы шығармасын бере алады.

«Осы мектептің шеңберінде ғана бұл журнал қалып қоймай, осы қалада бізде 250-ден астам мектеп бар. Мемлекеттік меншіктегі және жеке меншіктегі сол балалардың барлығына бұл журнал тараса, пайдасы зор болады деп ойлаймын», - деді  Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Гүлнар ХОДЖАБЕРГЕНОВА.