Алматыда педофил іздестіріліп жатыр. Ол қала іргесінде 10-шы сынып оқушысын зорламақ болған. Арам пиғылы жүзеге аспаған соң, дереу із-суытып үлгеріпті. Ауыл тұрғындары осы оқиғадан кейін, балаларын тысқа шығарудан қалыпты. Өйткені, әлгі азғын қапылыста балаларға тағы да шаба ма деп қорқады. Жаға ұстатар осы жайт туралы толығырақ әріптесім Перизат Көмекбайқызынан сұрап білсем.
- Перизат, бұл оқиға қашан және қалай болған? Анықтап біле алдың ба?
Осы күні Теректі ауылынан тыныштық кеткен. Себебі, қаскөй арам ойын жүзеге асырмақ болғаннан бөлек, жасөспірімнің өмірін қия жаздапты. Күдіктінің қолында пышағы болған екен. Суық қаруымен қызды жарақаттап та үлгерген. Абырой болғанда, тұрғындар қызды құтқарып қалды. Әйтпегенде, не боларын кім білсін? Жәбірленушіге қаскөйдің қалай тигенін қазір айтсам, қызық болмас. Оны сюжетімнен білесіздер.
-Жақсы, ал күдіктіні іздеу шаралары қалай жүруде?
- Оқиға болған күні Алатау аудандық полиция қызметкерлері онда иісшіл иттермен келіп маңайды кезіп шыққан. Бірақ, ол қашып үлгерген. Қыздың суреттеуі бойынша қаскөйдің фотороботы жасалды. Күдіктінің бейнесін мына экраннан көруге болады. Бәлкім, танып-білген адамдар бар шығар арамызда. Қазір сол бойынша жақын маңдағы адамдар сұрастырылуда. Бұл жайттан кейін өрімдей қызды анасы қосымша сабаққа жібермейтін болыпты. Себебі, ол жайт қыз қосымша сабақтан келе жатқанда болған.
- Енді өзің дайындаған материалға зер салсақ.
¤¤Оқиға Алатау ауданындағы Теректі ықшамауданында 19 қыркүйекте болған. Қаскөй қосымша сабақтан шыққан қызды алдап арбап, арам ойын іске асыруды көздеген.
¤Күдікті жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін жасөспірімді бірнеше метрге дейін сүйреп алып барған. Қыз мынадай шөптерден ұстанып қалмақ болыпты. Алайда, оны ештеңе тоқтатпаған. Тек үніңді шығарсаң өлтіремін деп қорқытқан.
¤Өрімдей қыздың айқайлаған дауысын естіген адам табылыпты. Осы кезде куәгерлердің бірінің көзіне түсіп қалған ол жалма-жан қашып кетеді.
¤«Мына талдың арасынан бір үлкен кісі шықты алдымнан жүгіріп, балам тоқташы деді. Мен машинамен келе жатқанмын. Не болды деп сұрасам қасында жарақаттанған қыз бар. Ол қызды ұрған болмаса, пышақтаған, былай қан кеткен. Үстіндегі кофтасы жыртылған. Өзінің денесін қолмен жауып келе жатыр. Қыз сөйлейтін шамада емес. Есін жоғалтып алған. Не болды деп едім? «Біреу зорламақшы болып, мен үстінен келіп жабыстым», - деді. Әйел кісі. «Сөйтіп айқайлап едім, бір шал кісі келді. Ол кісінің шамасы жетпеді, қашып кетті», - деді. Жүгіріп, жүгіріп іздедік. Мен өзім таппағаннан кейін қызды отырғызып алып үйіне алып барып, анасына, әжесіне, ағасына табыстадым», - деді куәгер Құдайберген ЖОЛИХАНОВ.
¤Қаскөй оқиға орнынан ізін жасырып үлгерді. Оқиға туралы есіткен бойда қыздың туысқандары оны Алатау ауданының ішкі істер басқармасына алып барған. Жасөспірімнің суреттеуі бойынша оның фотороботы жасалды. ¤
Арын таптамақ болған қыздың анасы мен ағасы күнделікті ұялы телефонмен хабарласып, тәртіп сақшыларынан іс бойынша хабарды алып отыр.
¤Жәбірленушінің айтуынша, күдіктінің жасы 50-60 жас шамасында. Жасөспіріммен психологтар жұмыс істеуде. Ықшамаудан тұрғындарын дүрліктірген бұл жалғыз жағдай емес екен. Бұған дейін де тұрғындардың тыныштығын бұзған оқиғалар көп болыпты.
Әзірге күдіктінің қашан қолға түсері белгісіз. Полицейлер оны анықтау үшін қосымша күш жұмылдырған. Бір анығы - әлгі азғынды ауыл тұрғындары осы маңнан бірнеше рет байқаған. Соған қарағанда, Теректіге жиі келетін көрінеді.
Перизат Көмекбайқызы, Рашиддин Якупов, "Алматы" телеарнасы