Алматыда Президент Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті

06.02.2017 16:10

Алматыда Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын талқылауға арналған  жиын өтті. Басқосуға Парламанент мәжілісі депуттары,  Алматы қалалық Демократиялық күштер Коалициясы қатысты. Отырыста ұлт көшбасшысы жолдауының  мән-маңызын дүйім жұртқа түсіндірумен қатар, оның жүзеге асырылуын қадағалау ісі де аса маңызды екенін сала мамандары атап өтті.  Қазірдің өзінде  «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жолдауды кең көлемде насихаттау шараларына кірісіп кеткен.

«Бүкіл Алматы қаласының жұртшылығы жолдауды өте жақсы қабылдап отыр . Себебі, бұл жолдаудың орындалуына үлкен үміт артып отыр . Екіншіден, әр ұжым бұл жолдауда көрсетілген нақты мәселелрге қатысты не жасай аламыз деген сұрақты алдыға қойып отыр», - деді ҚР Парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира ЕСІМБАЕВА.

Елбасы жолдауындағы маңызды тармақтарды талқылауға Медеу ауданының активтері де  жиналған. Отырыстың басты мақсаты - елбасының халыққа үндеуін көпшіліке нақты дәлелдермен жария  ету. Ынтымақ пен тұрақтылықтың арқасында барлық қиындықтарды еңсеріп келе жатқан Қазақстанның кемел болашағы туралы да сөз болды.

«Бұл жолдауда ауыл шаруашылығын дамыту туралы сөз болды. Нақты тарам-тарам мәселелер шешімін тапты. Яғни, жайылым жер, суғармалы жер. Шаруаларға жеңілдетілген несие беру мәселелері қарастырылды. Сондықтан Елбасының бұл жолдауының орны бөлек», - деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры  Тілектес ЕСПОЛОВ.