Алматыда «Qazaq oner» шеберлерінің орталығы ашылды

26.09.2017 22:20

Қазақтың ұлттық қолөнерімен бір орыннан танысуға болады. Алматыда «Qazaq oner» шеберлердің орталығы ашылды. Мәдени орында әзірге 25 шебер өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынған. Алдағы уақытта олардың қатары арта түседі деп күтілуде. Одан бөлек, қала тұрғындары мен қонақтары сәндік қолданбалы өнер, зергерлік бұйым, қыш ыдыс жасау, ән және бейнелеу өнері үйретіледі.