Алматыда «Сбербанк» қызметкері қайтыс болған клиенттің ақшасын ұрлаған

Алматыда «Сбербанк» қызметкері қайтыс болған клиенттің ақшасын ұрлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Сбербанктің» қызметкерлері қайтыс болған клиентінің есепшотынан қаражат жымқырған. Белгілі болғандай, филиал басшысының орынбасары мен қоластындағы қызметкері ауыр қылмысқа өткен жылы барыпты. Олар банктен 7 млрд теңгеден астам ақшаға есепшот ашқан адамның мезгілсіз қайтыс болғанын білген. Марқұмның мұрагерлері жоқтығына көз жеткізген соң, арам пиғылдарын іске асыруға кіріскен. Қап қаражатты смс банкинг арқылы «Сбербанк онлайн» картасының көмегімен ұрлаған. Қос сыбайлас, 2015 жылы да осындай қылмыс жасаған екен. Олар банк клиенттеріне арналған 1,5 млн теңгенің сыйлық сертификаттарын да жымқырып, пайдаларына жаратыпты. Қос қылмыскердің кінәсі толық дәлелденіп, олар темір торға тоғытылды.


«Соттың шешімімен Бегалиева 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған   алаяқтық жасады және өзгенің мүлкін заңсыз иемденді деген айып тағылған.  Сондай-ақ оның мүлкі толықтай тәркіленді. Қылмыскер банк саласында енді жұмыс істей алмайды. Ал Бегаливаға сыбайлас болған Садртдинова шартты түрде сотталды. Оған 7 жыл мерзім қарастырылды», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Дияс МАХАМБЕТОВ.


Новости партнеров