Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін ірі жезөкшелер ордасы анықталды

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін ірі жезөкшелер ордасы анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының орталығында шетелдіктерге қызмет көрсететін ірі жезөкшелер ордасы анықталды. Нұрмақов көшесінде орналасқан "GC" караоке клубына бас сұққан тәртіп сақшылары нысанның шын мәнінде жеңіл жүрісті қыздардың жұмыс орны екенін анықтаған. Бастапқыда, ғимарат қызметкерлері сақшылардың ескертуіне құлақ аспай, есіктерін де ашпапты. Сондықтан, полицейлердің клубқа басып кіруіне тура келген. Жезөкшелер ордасында 40 жеңіл жүрісті анықталған. Белгілі болғандай, олар тек қалталы шетелдіктерге қызмет көрсетіп отырған. Тіпті, ғимараттағы ішімдіктің ең арзанының өзі 70 мың теңге көлемінде тұрыпты. Айта кетсек, жезөкшілер Қытай, Украина, Жапония сынды бірқатар елдердің қалталыларының көңілін тауып жүрген. Тексеріс кезінде полицейлер 42 жеңіл жүрісті қызды, шетелдіктерден құралған клуб қонақтары мен ғимаратты жалға алған кәсіпкерді қамауға алды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрықталған адамдардың барлығын тексерістен өткіземіз. Жезөкшелер ордасын жасағандар 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- деді ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының полиция подполковнигі, Айдын КОКАМБЕКОВ.

 

Новости партнеров