Алматыда «Шығыс базары» халықаралық фестивалі өтті

23.09.2017 02:43

Алматыда тоқыма өнерінің халықаралық фестивалі өтті. Шараға әлемнің түпкір-түпкірінен 200-ге жуық арт жұмыстар ұсынылды. Ал Қазақстаннан 60-тан аса туынды қойылған. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат - еліміздің тоқыма өнерін әлемдік деңгейге көтеру болып табылады. Сонымен қатар, шетелдік мамандармен байланысты нығайту.


«Мұнда әлем елдерінің тоқыма туындылары қойылған. Яғни, әртүрлі мәдениеттің тоғысқан жері. Осы көрме арқылы біз этностильді қалыптастырамыз. Фестиваль биыл 7-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайы қатысушылар саны артып келеді», - деді  Қазақстан тігін шеберлерінің қауымдастығы ұйымдастыру комитетінің үйлестірушісі Алёна НОСКОВА.