Алматыда танымал энергетикалық сусын қолдан жасалған

18.08.2017 в 17:11

Алматыда танымал энергетикалық сусын қолдан жасалған. Мұны облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары анықтады. Белгілі болғаны - күдіктілер Шаңырақ ықшам ауданынан астыртын цех ашып, танымал сусынды әзірлеп келген. Олар қарапайым лимонадқа қоспалар қосып, энергетикалық сусынды арзан бағада сатқан екен. Нарықтағы құны 200 теңге болатын шөл қандырғышты олар 160 теңгеден саудалапты. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттардың барлығы тәркіленді.