Алматыда тұңғыш рет Халықаралық жазушылар конференциясы өтпек

30.01.2018 15:49

 Алматыда тұңғыш рет Халықаралық жазушылар конференциясы өтпек. Оған АҚШ, Израиль, Ресей және Франция елінің танымал қаламгерлері қатысады. Бұл туралы қазақ Пен клубының басшысы Бигелді Ғабдуллин жылдық есеп беру жиынында хабарлады. Қоғамдық бірлестік өткен жылы да, ауқымды жұмыстар атқарған. Мұхтар Әуезовтың «Қаралы сұлу» еңбегін, Оралхан Бөкеевтің «Кербұғы» атты шығармасын ағылшын тіліне аударған. Клубтың ресми сайты да құрылыпты. Оған қоса, бірлестік қатары жаңа мүшелермен толыққан. Қазір оның құрамында 50-ге жуық адам бар.

«Біздің қазақ жазушыларын дүниежүзі білсін, кітаптарын аударсын, шығарсын. Сол үшін сыншыларды, баспагерлерді, үлкен-үлкен белгілі жазушыларды шақырып отырмыз. Бізге ең бастысы керемет аудармашылар керек. Содан кейін бізге насихат керек. Сонда біздің әдебитіміз дүниежүзіне белгілі болады», - деді Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді ҒАБДУЛЛИН.