Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрғандардан баспана алу үшін өтінім қабылдау жалғасуда. 26 мамыр мен 1 маусым аралығында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында e-gov.kz электронды порталы арқылы өтініштер мен құжаттар қабылданады. Пәтерлер Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы үлестіріледі. Жалпы саны - 996. Пәтерлер Атлетикалық ауылда орналасқан. Бір шаршы метрдің құны - 1036 теңге, жалға алу мерзімі 20 жыл. Баспаналы болуға тек көпбалалы, толық емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, отбасылар, әскери және мемлекеттік қызметкерлер іспетті халықтың 15 категориясы ғана үмітті.